Испания королі Тоқаевқа құттықтауы үшін алғыс білдірді
Испания королі VI Фелипе Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы ризашылығын білдірді. Бұл – Испания құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жеңісіне орай айтылған құттықтауға жауап.
Корольдің алғыс хатында Президент Тоқаевтың ел игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тілеп, Қазақстан халқына жылы лебізін жеткізгені айтылады.




