Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Әлем чемпионатының маскоты — Muzbalaq қыраны

Әлем чемпионатында 30 салмақта жүлде сарапқа салынады. Маскот — Muzbalaq қыраны. 18-23 қазанда оқу-жаттығу жиыны өтеді. Билеттер сатылымда.

Әлем чемпионатының маскоты — Muzbalaq қыраны
Сурет: aikyn.kz

Алдағы әлем чемпионатында еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресінен 30 салмақ дәрежесінде жүлделер ойнатылады. Жарысқа 100-ден астам елден 900-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Чемпионаттың ресми маскоты ретінде қыран бейнесіндегі Muzbalaq таныстырылды.

Байрақты бәсекенің ерекшелігі — 18-23 қазан аралығында халықаралық бірлескен оқу-жаттығу жиынының өтуі. Бұл жиынға әлемнің 350-ге жуық үздік балуаны қатысып, жарыс алдындағы дайындығын пысықтайды.

Сонымен қатар, чемпионат билеттері бүгіннен бастап «Яндекс» қосымшасы арқылы сатылымға шығады.

Еліміздегі ауқымды доданы Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.