Астанада 20 жыл бұрынғы кісі өлтіру оқиғасы ашылды
Астанада 2005 жылы болған кісі өлтіру қылмысы биыл ашылды. Күдіктілер ұсталып, кінәларын мойындады. Тергеу жалғасуда.
Астанада 2005 жылы болған кісі өлтіру қылмысы биыл ашылды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап, Aikyn.kz хабарлады.
2005 жылы Астанада зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған. Алайда айғақтардың жеткіліксіздігінен қылмыс сол кезде ашылмаған.
Биыл полиция қызметкерлері архивтік істерді қайта қарап, жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар Павлодар облысының екі тұрғыны анықталған.
Тамыз айында күдіктілер ұсталып, кінәларын толық мойындаған. Қазіргі уақытта екеуі де қамауда отыр. Тергеу амалдары жалғасуда.
Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтің айтуынша, өткен жылдардағы қылмыстарды ашу министрліктің ерекше бақылауында.




