Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +9° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстандық таеквондошылар Лахордағы «Президент кубогынан» қола медаль алды

Қазақстандық таеквондошылар Лахордағы «Президент кубогынан» қола медаль алды
Сурет: aikyn.kz

Пәкістанның Лахор қаласында таеквондодан дәстүрлі «Президент кубогы» халықаралық турнирі басталды. Бұл туралы спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына екі медаль түсті. Әйелдер арасында 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Рита Бакишева мен Нұрай Бауыржанова қола жүлдегер атанды. Отандастарымыз жартылай финалда қарсыластарына жол берді.

Биылғы турнирге әлемнің 49 елінен 427 спортшы қатысуда. Жарыс 20 тамызда аяқталады. Қазақстан командасының сапында 15 таеквондошы бақ сынайды.