Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Талдықорғанда ұландықтар есінен танып қалған азаматқа көмек көрсетті

Талдықорғанда Ұлттық ұлан жауынгерлері турникте жаттығу кезінде есінен танып қалған азаматқа алғашқы көмек көрсетіп, оны жедел жәрдем қызметкерлеріне…

Талдықорғанда ұландықтар есінен танып қалған азаматқа көмек көрсетті
Сурет: aikyn.kz

Талдықорғанда Ұлттық ұланның әскери жасағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде есінен танып қалған азаматқа дер кезінде алғашқы көмек көрсетті.

Оқиға 2026 жылғы 15 тамызда сағат 19:30 шамасында болған. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5514 әскери бөлімінің жауынгерлері белгіленген бағыт бойынша қызмет атқарып жүрген.

Бақылау нүктелерінің арасында әскери қызметшілер турникте жаттығу жасап жатқан азаматтың тепе-теңдігін жоғалтып, құлап, есінен танып қалғанын байқаған.

Ұландықтар жағдайды бірден бағамдап, уақыт жоғалтпай азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетті. Шұғыл әрі үйлесімді әрекеттің арқасында азаматқа қажетті көмек көрсетіліп, кейін ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Оқиға кезінде әскери жасақ бастығы ефрейтор Жарқын Құрбанғали, патрульшілер ефрейтор Нұрбек Шакарбек пен қатардағы жауынгер Али Мамедов жедел шешім қабылдап, азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Қоғамдық тәртіпті сақтау барысында әскери қызметшілер тек құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда жедел көмек көрсетуге де әрдайым дайын.

Ұлттық ұлан жауынгерлерінің бұл әрекеті – олардың қырағылығы мен жауапкершілігінің, сондай-ақ халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әрдайым әзір екенінің айқын көрінісі.