Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Түркістан облысында мал ауруларына қарсы күрес күшейтілуде

Түркістан облысында мал ауруларына қарсы күрес күшейтілуде

Түркістан облысында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қызмет көрсету сапасын арттыру жұмыстары жалғасуда. Бұл мәселелер облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Кездесуде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ветеринария саласының қорытындысы шығарылып, ақылы қызмет көрсету, мал базарларын залалсыздандыру және ірі қараны қолдан ұрықтандыру мәселелері қаралды.

Облыстағы 11 мал базарында залалсыздандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Жыл басынан бері бекітілген кестеге сәйкес 30 900 шаршы метр аумақ қамтылды. Бұл мал өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мал тұқымын асылдандыру жұмыстары да назарда. Ірі қараны қолдан ұрықтандыру малдың тұқымдық сапасын жақсартып, шаруашылықтардың өнімділігін арттыруға бағытталған.

Ақылы ветеринариялық қызмет көрсету бойынша Мақтаарал, Түлкібас, Шардара және Сарыағаш аудандары жоғары нәтиже көрсетті. Ал экспорттаушыларға ақылы қызмет көрсету бойынша Төлеби, Сайрам және Түлкібас аудандары алдыңғы қатарда.

Жиында көрсеткіші төмен аудандардағы жұмысты күшейту қажеттігі айтылды. Облыс әкімінің орынбасары ветеринариялық қызметтің сапасын арттыру, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау және жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде жауапты мамандарға нақты міндеттер қойды.