Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +17° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Биыл 72 мектептің құрылысы аяқталады

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында биыл 72 мектептің құрылысы аяқталатынын, сондай-ақ инклюзия кабинеттерінің ашылуы туралы мәлімдеді.

Биыл 72 мектептің құрылысы аяқталады
Сурет: inform.kz

Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ел бойынша білім беру нысандарының құрылысы мен жабдықталуы туралы есеп берді.

Министрдің айтуынша, мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау жұмыстары жалғасуда. Жоспарланған 1 409 кабинеттің 1 007-сі, яғни 70 пайызы жеткізілген.

Сонымен қатар «Samruk-Kazyna» қоры 2024 жылдан бастап мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттерін ашып келеді. Қазіргі уақытта мұндай кабинеттер 31 мектепте жұмыс істейді. 2026 жылы бұл жоба Ақтөбе мен Семей қалаларындағы тағы 15 мектепте жүзеге асырылады.

Сүлейменова күрделі жөндеу жұмыстары жалпы қуаты 117 мың оқушы орнын құрайтын 178 мектепте жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның мәліметінше, 1 қыркүйекке дейін 106 мектептегі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

Қазіргі уақытта 59,3 мың оқушы орнына арналған 101 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 38,2 мың оқушы орнына арналған 72 мектептің құрылысы аяқталады деп күтілуде.