Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +18° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Абай облысындағы үш учаскеде өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда

Абай облысының Көкпекті ауданында үш учаскеде өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда. 180 қызметкер мен 26 техника жұмылдырылған, тікұшақ 66 тонна су шашты.

Абай облысындағы үш учаскеде өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда
Сурет: baq.kz

Абай облысының Көкпекті ауданында үш учаскеде өрт әлі де сөндірілуде. Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың 180-ге жуық қызметкері мен 26 техника жұмыс істеп жатыр.

Өртке қарсы күреске «Қазавиақұтқару» тікұшағы да жұмылдырылған. Ол су төгетін құрылғымен жабдықталған және 22 рет су төгіп, барлығы 66 тонна су шашқан.

Қатты жел, күрделі жер бедері және құрғақ өсімдіктер өрт сөндіру жұмыстарын қиындатып тұр. Құтқарушылар жекелеген өрт ошақтарын оқшаулап, сөндіру шараларын жалғастыруда.

Жағдай тұрақты бақылауда, өрттің таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.

https://t.me/qr_tjm/41262