Астанада «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» аясында рейд өтті
Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Президенттік саябақ пен өзен жағалауында профилактикалық рейд ұйымдастырылды.
Іс-шараны аудан әкімдігі Полиция басқармасы, прокуратура және қалалық Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп өткізді.
Рейд барысында тұрғындарға қоғамдық орындарды таза ұстау, қоқысты арнайы жәшіктерге тастау және тәртіп сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ рұқсатсыз саудаға жол бермеу, белгіленбеген жерлерде суға түспеу және судағы қауіпсіздік талаптарын сақтау ескертілді.
ТЖД қызметкерлері өзен акваториясын патрульдеп, қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауға алды.
Полиция мәліметінше, рейд кезінде абаттандыру қағидаларын бұзу фактілері анықталып, әкімшілік шаралар қабылданды.



