Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Еркебұлан Анапия U20 әлем чемпионатында қола үшін күреседі

Еркебұлан Анапия U20 әлем чемпионатында қола үшін күреседі
Сурет: aikyn.kz

Қазақстандық балуан Еркебұлан Анапия Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.

Отандасымыз 77 келіге дейінгі салмақтағы жұбаныш белдесуінде Грекия өкілі Адамантиос Пападатосты 8:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша Еркебұлан қола жүлде үшін өтетін белдесуде Иран спортшысы Амир Махди Саиди Навамен кездеседі.

Ал Бахтияр Казиев 130 келіге дейінгі салмақтағы жұбаныш белдесуінде қытайлық Чэнмао Цуйға 7:1 есебімен жол берді.

Финалдық кезең бүгін, 17 тамызда өтеді.