Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +18° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Алматы полициясымен кездесу: «Заң мен тәртіп» қағидаты басты назарда

Ішкі істер министрінің орынбасары Аңсаған Балтабеков Алматы полициясымен кездесіп, «Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа алуды тапсырды.

Алматы полициясымен кездесу: «Заң мен тәртіп» қағидаты басты назарда
Сурет: aikyn.kz

Ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков Алматы қаласы Полиция департаментінің жеке құрамымен кездесті.

Кездесу барысында мегаполистегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы полиция жұмысының барысы талқыланды. Сондай-ақ қаладағы жедел ахуал, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.

Полиция қызметінің тиімділігін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және халықпен өзара байланысты нығайту бағыттары да назардан тыс қалмады. Аңсаған Балтабеков құқық қорғау органдары қызметінің өзегінде «Заң мен тәртіп» қағидаты тұруы қажеттігін атап өтті.

Басшылық құрамға бағынысты қызметкерлердің жұмысына жүйелі бақылау жүргізіп, қызметтік тәртіпті нығайту қажеттігі жеткізілді. Кездесуде Алматы тұрғындарының қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді шешуде жеделдік пен нақты нәтижеге басымдық беру, полицияға деген қоғамдық сенімді арттырудың маңызына тоқталды.

Сапар қорытындысында «Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа алып, Ұлттық ұланмен бірлескен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.