Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +17° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Сицилия музейінен Антонелло да Мессинаның төрт туындысы ұрланды

Сицилиядағы Мессина қаласының Өңірлік музейінен Антонелло да Мессинаның төрт туындысы ұрланды.

Сицилия музейінен Антонелло да Мессинаның төрт туындысы ұрланды
Сурет: inform.kz

Мессина қаласындағы Өңірлік музейден Қайта өрлеу дәуірінің атақты суретшісі Антонелло да Мессинаның төрт картинасы жоғалды. Бұл туралы Kazinform агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлады.

Музей дирекциясының мәліметінше, қылмыскерлер 15 тамыз күні кешке күзет жүйесі мен дабылды өшіріп, ішке кірген. Олар төрт ағаш панельді алып кеткен.

Ұрланғандардың қатарында Сан-Грегорио полиптихінің бес панелінің үшеуі және екі жақты ағаш панель бар. Соңғысының бір жағында Мадонна мен сәби, екінші жағында Христос бейнеленген.

Музей хабарламасында: «15 тамыз күні кешке бейтаныс адамдар музейге кіріп, күзет жүйесі мен дабылды өшірген. Олар екі жақты панель орналасқан арнайы витринаны бұзып, Сан-Грегорио полиптихінің бес панелінің үшеуін алып кеткен», — делінген.

Қазір оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. Олардың айтуынша, қылмыскерлер полиптихті толықтай алып кетіп үлгермеген. Полиптих жергілікті монастырь үшін жасалған. Туынды, соның ішінде 1908 жылғы жер сілкінісінен кейін, айтарлықтай зақымдалып, бірнеше рет реставрацияланған.

La Repubblica газетінің мәліметінше, екі жақты ағаш панель Лондондағы Christie’s аукцион үйінен сатып алынған. Антонелло да Мессина (шамамен 1429–1479 жылдар) — ерте Қайта өрлеу дәуірінің Сицилиядағы көрнекті суретшілерінің бірі. Ұзақ жылдар бойы оның туындылары аралдан шығарылмаған. Тек осы ғасырда ғана картиналары көрмелерге қойылу үшін басқа елдерге шығарыла бастаған.

Суретшінің бүгінге дейін шамамен 40 туындысы сақталған. Жақында Sotheby’s аукцион үйінен оның «Тікенді тәж киген Христос» (Ecce Homo) атты ағашқа салынған туындысы 12 млн долларға сатып алынған.