Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +17° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Ростов облысында 150-ден астам дрон жойылды, «Каменский» комбинаты өртке оранды

Ресейдің Ростов облысына дрондармен жасалған шабуылда «Каменский» комбинаты өртке оранды. Губернатор 150-ден астам дронның жойылғанын мәлімдеді.

Ростов облысында 150-ден астам дрон жойылды, «Каменский» комбинаты өртке оранды
Сурет: aikyn.kz

Ресейдің Ростов облысына 16 тамызға қараған түні дрондармен жаппай шабуыл жасалды. Нәтижесінде «Каменский» химия комбинаты соққыға жығылды. Украиналық ақпарат құралдары бұл шабуылды Украина күштері жүзеге асырғанын хабарлады.

Ростов облысының губернаторы Юрий Слюсарь өңірге ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасалғанын растады. Оның айтуынша, облыс аумағында 150-ден астам дрон жойылған.

«Милитарный» басылымы спутниктік деректер мен OSINT ақпараттарына сүйене отырып, шабуылдан кейін «Каменский» комбинатының аумағында өрт шыққанын мәлімдеді. NASA-ның FIRMS мониторинг жүйесі кәсіпорын аумағында жоғары жылу белсенділігін тіркеген.

«Каменский» комбинаты Ресейдің оңтүстігіндегі ірі химия кәсіпорындарының бірі болып табылады. Ашық дереккөздерге сәйкес, мұнда әскери мақсаттағы өнімдер, оның ішінде оқ-дәрі компоненттері, оқ-дәріге арналған дәрі, жарылғыш заттар мен детонаторлар өндіріледі.

Бұл кәсіпорын бұған дейін де шабуылға ұшыраған. 2024 жылғы желтоқсанда Украина тарапы комбинатқа Storm Shadow қанатты зымырандарымен соққы жасағанын хабарлаған болатын.