Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +17° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Павлодарда жас жігіт Ертіске батып кетті

Павлодарда жас жігіт Ертіске батып кетті. Құтқарушылар екі күн іздеп, денесі Жаңауыл ауылы тұсынан табылды. Облыста шомылу маусымында 6 адам қаза тапты.

Павлодарда жас жігіт Ертіске батып кетті
Сурет: aikyn.kz

Павлодардағы қалалық жағажай маңында қайғылы оқиға орын алды. Жас жігіт Ертіс өзеніне батып кеткені хабарланды.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, өзендегі ағыс қатты болғандықтан, оны бірден табу мүмкін болмаған. Құтқарушылар екі күн бойы іздестіру жұмыстарын жүргізді. Сүңгуірлер су астына 80 рет түсіп, арнайы жүзу құралдарын да қолданған.

Нәтижесінде 2007 жылы туған азаматтың денесі Жаңауыл ауылының төменгі тұсынан табылды.

Облыстық ТЖД мәліметінше, өңірде шомылу маусымы басталғалы бері 6 адам суға батып көз жұмған. Олардың екеуі – бала.

Облыстық ТЖД жедел құтқару жасағы бастығының орынбасары Серік Шериаздановтың айтуынша, іздестіру жұмыстарына сүңгуірлер мен жүзу құралдары жұмылдырылған.