Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстан студенттерінің IT жобалары әскери полигонда сынақтан өтті

Ақмола облысында өткен SHAIQAS 2026 әскери-инженерлік чемпионатында қазақстандық студенттердің IT және инженерлік жобалары әскери полигонда сынақтан өтті.

Қазақстан студенттерінің IT жобалары әскери полигонда сынақтан өтті
Сурет: baq.kz

Ақмола облысында 13–15 тамыз аралығында өткен SHAIQAS 2026 әскери-инженерлік чемпионатына еліміздің түкпір-түкпірінен әзірлеушілер, инженерлер, әскери қызметшілер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Сурет: baq.kz

Биыл чемпионатқа әр өңірден 100-ден астам команда өтінім берген. Іріктеу нәтижесінде 20 үздік команда финалға жолдама алып, өз жобаларын таныстырып, әскери полигонда практикалық сынақтан өтті.

Сурет: baq.kz

Финалда Nazarbayev University, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Woosong University Kazakhstan, ALT University, SDU University және басқа да жоғары оқу орындарының студенттері бақ сынады.

Сурет: baq.kz

Студенттік командалар робототехника, ұшқышсыз ұшу аппараттары, автономды жерүсті платформалары, бағдарламалау, цифрлық технологиялар және киберқауіпсіздік бағыттарындағы әзірлемелерін ұсынды. Жобалар қатарында мобильді роботтандырылған платформалар, адамдарды қауіпті аймақтардан эвакуациялауға арналған технологиялар, түрлі мақсаттағы ұшқышсыз ұшу аппараттары бар.

Сурет: baq.kz

Чемпионаттың ерекшелігі – студенттердің өз әзірлемелерін зертханалар мен оқу полигондарынан тыс, нақты қолдануға жақын жағдайларда сынау мүмкіндігі. Қатысушылар әуе және жерүсті ұшқышсыз жүйелер, киберқауіпсіздік және тактикалық дайындық бойынша өз шешімдерінің сенімділігі мен тиімділігін тексерді.

Студенттер үшін чемпионат әзірлеу мен бағдарламалаудан бастап, дайын шешімді нақты жағдайға жақын ортада сынауға дейінгі толық инженерлік циклден өтуге мүмкіндік берді. Командалар әскери, өнеркәсіптік және технологиялық сала өкілдерімен тәжірибе алмасып, кәсіби пікір алып, жобаларын дамыту жолдарын бағалады.

Ведомство мәліметінше, SHAIQAS 2026 студенттердің инженерлік ойлау қабілеті мен технологиялық құзыреттерін дамытуға ықпал етіп, жоғары оқу орындары, мемлекет, қорғаныс саласы және индустрия арасындағы байланысты нығайтты.