Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +17° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Астанада түнгі клубтағы төбелес үшін екі адам ұзақ мерзімге сотталды

Астанада түнгі клубтағы төбелес салдарынан адам қаза тапқан іс бойынша сот екі адамды ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырды.

Астанада түнгі клубтағы төбелес үшін екі адам ұзақ мерзімге сотталды
Сурет: baq.kz

Астанада түнгі ойын-сауық орнында болған жанжал адам өлімімен аяқталып, сот екі кінәліге қатысты үкім шығарды.

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың мәліметінше, 2025 жылғы желтоқсанда Ә. мен А. есімді ер адамдар мас күйінде түнгі мекемеде Г. және Ч. есімді келушілермен сөзге келіп, кейін төбелеске ұласқан жанжал шығарған.

Шабуылдаушылар қарсыластарын денесінің әр жерінен бірнеше рет ұрып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші Ч. алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болған.

Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен, бейнебақылау камераларының жазбаларымен және тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен толық дәлелденді.

Жаза тағайындау кезінде сот қылмыстың қоғамға қауіптілігін ескеріп, екеуінің де мас күйінде қылмыс жасағанын ауырлататын мән-жай ретінде қарады. Жеңілдететін мән-жайлар ретінде олардың бұрын сотталмағаны және А.-ның кәмелетке толмаған баласының болуы ескерілді.

Сот Ә. мен А.-ны ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, А.-ға 8 жыл 6 ай, ал Ә.-ге 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сонымен қатар сотталғандардан жәбірленуші тарапқа 1,9 млн теңге материалдық залал, 2 млн теңге өкілдік шығындар және 10 млн теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілді.