Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Каспийде SUP тақтасымен ағып кеткен жас жұп құтқарылды

Ақтау маңындағы Каспий теңізінде SUP тақтасымен ағып кеткен жас жұпты құтқарушылар жағалауға қауіпсіз жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Каспийде SUP тақтасымен ағып кеткен жас жұп құтқарылды
Сурет: aikyn.kz

Ақтау маңындағы Каспий теңізінде SUP тақтасымен жағалаудан алыстап кеткен жас жұпқа құтқарушылар көмек көрсетті. Оқиға Ақтау қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан «Маями» демалыс базасының аумағында болған.

ТЖМ қызметкерлері профилактикалық жұмыстар жүргізіп жүрген кезде теңізде көмекке мұқтаж адамдарды байқаған. 2004 және 2005 жылы туған екі жас SUP тақтасымен теңізге шыққан. Ағыс оларды жағалаудан шамамен 400 метр қашықтыққа алып кеткен.

Құтқарушылар жастарды дер кезінде жағалауға қауіпсіз жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.