Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +16° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне арналған челлендж

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай «ӘН АҒАСЫ – ШӘМШІ» челленджі жарияланды. Мақсат – композитордың мұрасын насихаттау.

Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне арналған челлендж
Сурет: aikyn.kz

Бүгін, 15 тамызда, қазақ музыкасының алтын қорына өшпес мұра қалдырған, «Ән падишасы» әрі «қазақ вальсінің королі» атанған ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күні тойлануда.

Шәмші Қалдаяқовтың шығармалары уақыт өте келе де өз мәнін жоғалтпай, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Оның әндері уақытқа емес, адам жүрегіне жазылғандықтан, әрбір әнінен халқымыздың қуанышы мен сағынышы, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен елге деген ыстық ықыласы сезіледі. Сырлы саздары қазақтың рухани дүниесінің ажырамас бөлігіне айналып, халық жүрегінен мәңгілік орын алды.

Шәмші әндері — өткен мен бүгінді, аға буын мен жас ұрпақты жалғайтын рухани көпір. «Өмір өзен» сынды сырлы әндері бүгінгі күнге дейін тыңдарман жүрегін тербеп, ән әлеміндегі құндылығын жоғалтпай келеді.

Осы орайда Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне арналған «ӘН АҒАСЫ – ШӘМШІ» челленджі басталды. Басты мақсат — ұлы композитордың өлмес мұрасын жаңғыртып, оның әндерін кейінгі ұрпаққа насихаттау, қазақ ән өнерінің дара тұлғасына деген құрметті арттыру.

Шәмші әні — халық жүрегінде! Шәмші мұрасы — мәңгілік әуен! Әнмен тербелген елдің рухы биік!

Челлендж эстафетасы Қармақшы және Арал аудандарының Жастар ресурстық орталықтарына, сондай-ақ ән әлеміндегі барша өнер иелеріне жолданады. Челленджді қабыл алып, Шәмші әлеміне бірге саяхат жасап, ұлы композитордың әндерін бірге дәріптеуге шақырамыз!

https://www.instagram.com/p/DcDUn-eM2IP/