Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Сайрам тұрғындарының мәселелерін Нұралхан Көшеров тыңдады

Сайрам тұрғындарының мәселелерін Нұралхан Көшеров тыңдады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Бұл — аудан, қала тұрғындарымен өткізілетін кездесулер мен жеке қабылдаулар аясындағы кезекті шара.

Кездесуде ауданда атқарылған жұмыстар баяндалды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында өткен жылы Ақсу елді мекенінде 600 орындық мектеп пайдалануға берілді. №89 Қайнарбұлақ, №3 Хамза және «Айша-Бибі» мектептері реновациядан өтіп, жаңғыртылды. Биыл Жібек жолы ауылындағы «Бөкейхан» орта мектебіне 300 орындық қосымша оқу корпусы салынуда, оны қыркүйекте пайдалануға беру жоспарланған.

Денсаулық сақтау саласында Қарабұлақтағы аудандық аурухана мен Ақсудағы аудандық орталық аурухананың ғимараттары күрделі жөндеуден өтуде. Қожақорған, Нұржанқорған және Қарабұлақ ауылдарының ауыз су жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Биыл 7 елді мекеннің ауызсу жүйелері ағымдағы жөндеуден өтеді, ал 8 елді мекенде электр жүйелерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Былтыр Көлкент ауылын газдандыру жұмыстары аяқталды. Осы жылы Құтарыс және Қызылжар елді мекендері табиғи газға қосылып, Сайрам ауданы 100 пайыз табиғи газбен қамтылды. Облыстық бюджет есебінен аудандық маңызы бар 4 автомобиль жолына (33,6 шақырым) орташа жөндеу жүргізілді. Ақсу өзені арқылы өтетін Жансая көпірі салынып, ел игілігіне берілді.

Өткен жылы өңір басшысы сайрамдықтармен кездесуінде көтерілген 23 мәселенің 16-сы толық орындалды. Қалған 3 мәселе бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кездесуден кейін Нұралхан Көшеров тұрғындарды жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады. Жеке қабылдауда заңсыз жайылым жерлер, ішкі жолдарға асфальт төсеу, интернет сапасы, ауыз су, білім және денсаулық сақтау салаларына қатысты мәселелер көтерілді.