Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +17° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Бельгиядағы ескі ғимараттан 9 млн еуроға алтын қазына табылды

Бельгиядағы ескі ғимараттан 9 млн еуроға алтын қазына табылды
Сурет: baq.kz

Бельгияның Дендермонд қаласында көне ғимаратты жөндеу кезінде құны шамамен 9 миллион еуроға бағаланатын алтын қазына табылды. Бұл олжа жұмысшылардың жертөле қабырғасынан алтын салынған сейфті табуының арқасында мүмкін болды.

Анадолы агенттігінің мәліметінше, DE Brand құрылыс компаниясының жұмысшылары қабырғадан сейфті анықтаған. Оның ішінен алтын құймалары мен мыңдаған көне алтын монета шыққан.

Қазына бұрынғы сыра зауытының аумағынан табылған. Қазір бұл ғимарат әлеуметтік көмек орталығының кеңселеріне айналдыру үшін жөнделіп жатыр. Жұмысшылар олжа туралы ғимарат иесіне және құқық қорғау органдарына дереу хабарлаған.

Полиция табылған алтынды тәркілеп, қауіпсіз жерге жеткізді. Шығыс Фландрия прокуратурасы қазынаның шығу тегін анықтап, оның заңды иелері мен мұрагерлерін іздеу бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Құны шамамен 9 млн еуро болатын алтынның кімге тиесілі болатыны әзірге белгісіз. Қазына туралы ақпарат тарағаннан кейін жергілікті тұрғындар ғимарат маңына алтын іздеп келе бастаған.