Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Ақын Бекжан Әшірбаев 52 жасында қайтыс болды

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бекжан Әшірбаев 52 жасында қайтыс болды.

Ақын Бекжан Әшірбаев 52 жасында қайтыс болды
Сурет: aikyn.kz

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында өмірден озды. Бұл қаралы хабарды Жазушылар одағының баспасөз қызметі таратты.

Бекжан Төребекұлы Әшірбаев 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, «Ленин жолы» ұжымшарында дүниеге келген. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін үздік бітірген. Сол жылдан бастап осы оқу орнында қызмет етіп келді.

Журналистика саласында елеулі еңбек еткен ол әр жылдары түрлі жауапты қызметтер атқарды. Атап айтқанда, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың республикаға тарайтын «Қазақ университеті» газетінің бас редакторы (2002-2006), «Azamat.kz» қоғамдық-саяси апталығы бас редакторының бірінші орынбасары (2005-2006), «Ел мен Жер» апталығының бас редакторы (2006), «Жас қазақ үні» газеті бас редакторының орынбасары (2007), Қазақстан Жазушылар Одағына қарасты «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі болған оның топтама өлеңдері «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», «Жас қазақ үні», «Azamat.kz», «Парасат» сияқты республикалық басылымдарда жарияланған. 2008 жылы «Жазушы» баспасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша жарық көрген «Қоңыр әуен» өлеңдер кітабының және басқа да жыр жинақтарының авторы.