Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Аттан құлаған 33 жастағы әйел бір ай комада жатып қайтыс болды

Ақмола облысында аттан құлаған 33 жастағы әйел бір ай комада жатып, 13 тамызда қайтыс болды. Полиция қылмыстық іс қозғады.

Аттан құлаған 33 жастағы әйел бір ай комада жатып қайтыс болды
Сурет: aikyn.kz

Ақмола облысында аттан құлап, ауыр жарақат алған 33 жастағы әйел бір айға жуық комада жатқан соң көз жұмды. Қайғылы оқиға 6 шілдеде Целиноград ауданындағы ат клубтарының бірінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Жазира есімді әйел аттан құлап, ауыр жарақат алған. Оны дереу медициналық мекемеге жеткізген. Марқұмның жақындары мен достары оның атқа алғаш рет мініп жүрген адам болмағанын, бұған дейін де ер-тұрман үстінде өзін еркін ұстай алғанын айтады.

Алайда сол күні болған оқиғадан кейін әйел ұзақ уақыт бойы ес-түссіз жатқан. Туыстарының мәліметінше, ол 13 тамызда алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болды.

Оқиғаға қатысты Ақмола облысының Полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, 6 шілдеде Целиноград ауданындағы ат клубтарының бірінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«13 тамызда зардап шеккен әйел алған жарақаттарынан қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қайта сараланатын болады. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.