Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +17° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Сайрамда жаңа туған нәрестесін өлтірген әйел сотталды

Сайрамда жаңа туған нәрестесін өлтірген әйел сотталды
Сурет: baq.kz

Сайрам аудандық соты жаңа туған баласын өлтірген жергілікті әйелге қатысты үкім шығарды. Ол екі жылға бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың сәуірінде әйел жүкті екенін білген, алайда бұл жағдайды туыстарынан жасырып, медициналық есепке тұрмаған және дәрігерлік тексеруден өтпеген.

2025 жылдың желтоқсанында ол Сайрам ауданындағы үйінде ешқандай медициналық көмексіз босанған. Баланы дүниеге әкелген соң, оны ауладағы дәретхана шұңқырына тастап, өмірін сақтап қалу үшін ешқандай әрекет жасамаған.

Сотталушы баланың туу фактісін жасыру үшін шұңқырға тас пен құм төккені анықталды. Оның әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабының 2-бөлігі бойынша сараланған.

Сот отырысында әйел кінәсін толық мойындады. Прокурор оған екі жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

Сайрам аудандық сотының 2026 жылғы 20 мамырдағы үкімімен әйел кінәлі деп танылып, екі жылға бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.