Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +7° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді — Энергетика министрлігі

«KEGOC» АҚ желілерінде электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді. Өңірлік ұйымдар тұтынушыларды кезең-кезеңімен қосуда.

Электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді — Энергетика министрлігі
Сурет: inform.kz

«KEGOC» АҚ желілеріндегі электрмен жабдықтау қазіргі уақытта толық көлемде қалпына келтірілді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта өңірлік энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жекелеген тұтынушыларды кезең-кезеңімен қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жақын уақытта электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтіріледі.

Сонымен қатар, жекелеген пабликтерде Өзбекстандағы электрмен жабдықтаудағы іркілістер Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі апат салдарынан орын алды деген ақпарат тарап жатыр. Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, делінген хабарламада.

Жағдай Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бақылауында.

Айта кетейік, осыған дейін Энергетика министрлігі Қазақстанның кей өңірлеріндегі электрдің ажыратылуына түсініктеме берген болатын.