Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +15° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

«Су сандығы»: мектептерге арналған жаңа оқу ресурсы әзірленуде

«Су сандығы»: мектептерге арналған жаңа оқу ресурсы әзірленуде
Сурет: aikyn.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі білім беру саласында қолдануға арналған «Су сандығы» атты оқу-әдістемелік ресурсын дайындап жатыр. Бұл құрал экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында жасалуда.

Ресурс құрамына тақырыптық оқу материалдары, практикалық тапсырмалар мен жаттығулар, ақпараттық-әдістемелік әзірлемелер, экологиялық ертегілер, сондай-ақ «Су ізі» платформасы секілді цифрлық құралдар енгізілген. Барлық материалдар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай бейімделген, сондықтан педагогтер оларды сабақтарда, экологиялық сағаттарда, сыныптық және сыныптан тыс іс-шараларда қолдана алады.

«Су сандығын» толтыру жұмысына су ресурстары, білім беру және экологиялық ағарту саласының мамандары тартылған. Қазіргі уақытта материалдардың негізгі бөлігі дайын, оларды білім беру ұйымдарына таратуға әзірлеу аяқталуға жақын.

«Су сандығы» министрлік жобалары аясында жинақталған экологиялық ағарту және су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған материалдар мен тәжірибелерді біріктірді. Енді бұл білім мен құралдар бір ресурста жинақталып, педагогтерге оларды балалар мен жастармен жұмыс барысында пайдалануға мүмкіндік береді», – деді «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Қайратғали Хайрулла.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін «Су сандығы» ресурсы елдегі білім беру ұйымдарына оқу процесінде және сыныптан тыс жұмыстарда пайдалану үшін беріледі.