Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Италиядағы оқ-дәрі зауытында қатты жарылыс болды

Италияның Коллеферро қаласындағы оқ-дәрі зауытында қатты жарылыс болды. 24 жұмысшы қауіпсіз жерге шығарылды, зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда.

Италиядағы оқ-дәрі зауытында қатты жарылыс болды
Сурет: baq.kz

Италияның Коллеферро қаласындағы оқ-дәрі зауытында қуатты жарылыс болды. Бұл қала Римнен оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Оқиға 13 тамызда кәсіпорында өрт шыққаннан кейін тіркелді.

Жарылыс дыбысы бірнеше шақырым жерден естілген. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері дереу жетіп, өртті ауыздықтау жұмыстарын бастады. Зауыт аумағынан қалың түтін бұлты көтерілген.

Жарылыс KNDS Ammo Italy компаниясына тиесілі, бұрынғы Simmel Difesa зауытында болған. Бұл кәсіпорын орта және ірі калибрлі оқ-дәрілермен қатар, аэроғарыштық ұшыру аппараттарына арналған қатты отын өндіреді.

Алдын ала мәлімет бойынша, зауыттағы 24 жұмысшының барлығы қауіпсіз жерге шығарылған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Жергілікті билік жарылыс зауыттың жекелеген өндірістік және сақтау аумағымен шектелгенін хабарлады.

Жарылыстың нақты себебі әзірге белгісіз. Полиция мен прокуратура оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.