Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +18° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Ақтауда студенттерді алдаған алаяқ 3 жыл 9 айға сотталды

Ақтау қалалық соты алаяқтық жасаған азамат Д.-ны 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырды. Ол студенттердің 90 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ақшасын иемденген.

Ақтауда студенттерді алдаған алаяқ 3 жыл 9 айға сотталды
Сурет: aikyn.kz

Ақтау қалалық соты 2026 жылғы 24 маусымда алаяқтық жасаған азамат Д.-ға қатысты үкім шығарды. Ол Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды.

Сотта анықталғандай, сотталған адам Ақтаудағы жоғары оқу орындарының студенттеріне сенім арттырып, ақшалай сыйақы үшін олардың оқу үлгерімін жақсартып, емтихандардан жоғары баға алуға көмектесетінін уәде еткен.

Осы сылтаумен ол студенттердің 90 мыңнан 1 миллион теңгеге дейінгі ақшасын иемденген. Алайда уәде еткен міндеттемелерін орындамай, ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Ақтау қаласының прокуратурасы азаматтарды оқу процесіне заңсыз араласуға байланысты ақылы «көмек» ұсынатын адамдарға сенбеуге шақырады. Мұндай адамдар баға қою, емтиханнан өткізу немесе өзге де мәселелерді шешіп беруді уәде етеді.