Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +9° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстандық жауынгер UFC-де бірінші раундта нокаутпен жеңді

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай UFC-де бразилиялық Бруно Лопесті бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Қазақстандық жауынгер UFC-де бірінші раундта нокаутпен жеңді
Сурет: aikyn.kz

Лас-Вегаста өткен UFC турнирінде Қазақстанның Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшісі, кіші сержант Дияр Нұрғожай тағы бір жеңіске қол жеткізді.

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсеткен отандасымыз бразилиялық Бруно Лопеспен жұдырықтасып, қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірді.

Шешуші сәт алғашқы бес минуттың соңғы секундтарында тіркелді. Раунд соңына дейін жоғары қарқын мен жинақылықты сақтаған қазақстандық спортшы нәтижелі шабуыл жасап, қысымды күшейтті. Төреші жекпе-жекті 4 минут 59 секундта, яғни раунд аяқталуға бір секунд қалғанда тоқтатты.

Осылайша, Дияр Нұрғожай жоғары физикалық төзімділік пен психологиялық тұрақтылықты, сондай-ақ шиеленіскен жағдайда кәсіби шеберлігін сақтай алатынын көрсетті. Мұндай қасиеттер арнайы мақсаттағы бөлімшелерде қызмет ету үшін өте маңызды, өйткені әскери қызметшіден жоғары дайындық, тәртіп, ұстамдылық және қауіпті жағдайларда сенімді әрекет ету талап етіледі.

Бұған дейін қазақстандық спортшы бразилиялық Рафаэль Тобиасты үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді.

Жалпы, әлемдегі ең ірі аралас жекпе-жек ұйымының турнирлерінде өнер көрсетіп жүрген Дияр Нұрғожай 12 рет жеңіске жетіп, екі рет жеңіліс тапқан.