Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +18° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Алматыда автобус әйелді қағып, оқиға орнында қаза тапты

Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып, 1996 жылы туған әйел оқиға орнында қаза тапты. Қылмыстық іс қозғалды.

Алматыда автобус әйелді қағып, оқиға орнында қаза тапты
Сурет: aikyn.kz

Алматыда жолаушылар автобусы жаяу жүргіншіні қағып, әйел оқиға орнында қайтыс болды. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Жол-көлік оқиғасы 12 тамызда сағат 12:20-да Бостандық ауданындағы Мұстафин көшесінде тіркелген. Полиция мәліметінше, жеке тасымалдаушыға тиесілі автобус оңтүстік бағытта келе жатып, жолды шығыс бағытта кесіп өтпек болған 1996 жылы туған әйелді қағып кеткен.

Жаяу жүргінші алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.