Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Түркістандағы 5574 әскери бөлімінде үздік әскери қызметшілер марапатталды

Түркістандағы 5574 әскери бөлімінде өткен салтанатты жиында әскери қызметшілер марапатталып, лейтенант атағы берілді.

Түркістандағы 5574 әскери бөлімінде үздік әскери қызметшілер марапатталды

Түркістан қаласындағы 5574 әскери бөлімінде салтанатты жиын өтіп, онда әскери қызметшілердің еңбегі ерекше аталып, үздіктер марапатталды. Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент бастығы, генерал-майор Болат Қалмұрзаев және прокурор Бауыржан Мырзакеров қатысты.

Жиын барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 5574 әскери бөлімінің командирі, полковник Төлеген Шыныбеков «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Бұл марапат оған Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін өткізу кезінде қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, жоғары кәсіби шеберлік танытқаны үшін берілді.

Сонымен қатар Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы бөлімшелерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай кеуде белгісімен марапатталды.

Салтанатты рәсімде Ішкі істер министрінің бұйрығымен 5574 әскери бөлімінің дене шынықтыру және спорт бастығы, аға сержант Бекжігіт Бекназаровқа алғашқы офицерлік әскери шен – «лейтенант» атағы берілді.

Іс-шара барысында әскери қызметшілерге Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, жоғары жауапкершілік пен кәсібилік танытқаны үшін алғыс білдірілді.