Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Жұлдыз Әбдікәрімова әйел тағдыры туралы тебіренткен жазба жариялады

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әйел тағдыры туралы тебіренткен жазба жариялады.

Жұлдыз Әбдікәрімова әйел тағдыры туралы тебіренткен жазба жариялады
Сурет: aikyn.kz

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында әйел тағдыры туралы ой толғап, жазба жариялады. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлады.

Актриса әйелдің қоғамдағы орны мен болмысына ерекше мән берген. Оның айтуынша, өмірде қандай қиындық болмасын, аналық мейірім мен балаға деген сүйіспеншілік әйел жүрегінен ешқашан жойылмайды.

«Алматы көрермені, мың алғыс! Кейде әйел сүйгені үшін, түсінгені үшін, адал болғаны үшін жазаланады. Кейде ана жүрек өзгенің баласын өзіндей көріп, бауырына басқаны үшін таңдау құрбандығына шалынады. Кейде өз өмірін ретке келтіруге тырысқаны үшін жапа шегеді. Кейде бақытты болуға тырысқаны үшін ұятты болады. Осының ішінде бір анығы болса, ол әйел ешқашан ана болудан бас тарта алмайды», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Актрисаның бұл жазбасы оқырмандарды бейжай қалдырмады. Желі қолданушылары оған қолдау білдіріп, әртүрлі пікірлерін білдіруде.