Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +17° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

ШҚО-да жыл басынан 6,6 мыңнан астам адам экоталаптарды бұзғаны үшін жауапқа тартылды

ШҚО-да жыл басынан 6 604 адам экологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 642-сі прокуратураның үйлестіруімен анықталды.

ШҚО-да жыл басынан 6,6 мыңнан астам адам экоталаптарды бұзғаны үшін жауапқа тартылды
Сурет: baq.kz

Шығыс Қазақстан облысында биылғы жылдың басынан бері экология заңнамасын бұзған 6 604 адамға әкімшілік шара қолданылды. Оның 642-сі прокуратураның үйлестіруімен анықталған.

Бұзушылықтардың көпшілігі елді мекендерді күтіп-ұстау ережелерін сақтамаумен байланысты. Сондай-ақ ортақ орындарды ластау, қалдықтарды өңдеу кезіндегі экологиялық талаптарды бұзу, ағаштар мен жасыл желектерді заңсыз кесу деректері тіркелген.

Қалалық және аудандық прокурорлар 94 заңсыз қоқыс үйіндісін анықтап, оның 73-ін жойды. Осыған байланысты 9 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, 15 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, ал 36 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде елді мекендерден 6,3 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық тәртіпті қамтамасыз ету және абаттандыру талаптарының орындалуын бақылау жалғасуда.