Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +8° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Астанада демалыс күндері мас күйінде көлік жүргізген 24 адам ұсталды

Астана полициясы демалыс күндері мас күйінде көлік жүргізген 24 жүргізушіні анықтады. Олардың бірі 7 жылға жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамалды.

Астанада демалыс күндері мас күйінде көлік жүргізген 24 адам ұсталды
Сурет: baq.kz

Астана полициясы демалыс күндері жүргізген рейд барысында алкогольдік масаң күйде көлік тізгіндеген 24 жүргізушіні анықтады.

Олардың бірі түнде қала көшелерінің бірінде Haval автокөлігін тоқтатқан. Рөлде отырған 38 жастағы ер адамның мас екендігі медициналық куәландырумен расталды.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сот оны 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырып, 15 тәулікке қамауға алды.

Полиция мас күйінде көлік жүргізудің жол қозғалысы қауіпсіздігіне, азаматтардың өмірі мен денсаулығына төндіретін қаупін ескертіп, жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға шақырды.