Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
10 тамыз 2026, дүйсенбі USD 469,9 EUR 541,6 RUB 5,71 CNY 69,7 Астана +26° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Тоқаев Шавкат Рахмоновқа әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмоновқа әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Тоқаев Шавкат Рахмоновқа әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Сурет: inform.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби спортшы, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа әкесі Бақтыбай Алпамысовтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент жеделхатында Бақтыбай Рахмонұлының мағыналы ғұмыр кешкен қадірлі жан болғанын атап өтті. Оның айтуынша, ол нағыз отаншыл азамат ретінде ел мерейін үстем етіп, бүкіл қазақ жұртының мақтанышына айналған жігерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірген.

— Бақтыбай Рахмонұлы мағыналы ғұмыр кешкен қадірлі жан болды. Нағыз отаншыл азамат ретінде ел мерейін үстем еткен, бүкіл қазақ жұртының мақтанышына айналған өзіңіздей жігерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Әкеңіздің иманы саламат, жаны жәннатта болсын! — делінген жеделхатта.