Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
10 тамыз 2026, дүйсенбі USD 469,9 EUR 541,6 RUB 5,71 CNY 69,7 Астана +26° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Каспий теңізінде май дағы анықталды

Маңғыстау облысындағы Аташ жағажайы маңында Каспий теңізінің акваториясында май тәрізді дақ анықталды. Мамандар мониторинг жүргізіп, су сынамаларын алды.

Каспий теңізінде май дағы анықталды
Сурет: aikyn.kz

Маңғыстау облысындағы Аташ жағажайы маңында Каспий теңізінің акваториясында май тәрізді дақ байқалды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты хабарлады.

8 тамызда облыстық экология департаментінің мамандары Аташ жағалауы мен оған іргелес теңіз аймағында мониторинг жүргізді. Тексеру барысында теңіз суынан зертханалық зерттеу үшін сынамалар алынды.

Қазіргі уақытта Каспий теңізінің аталған аумағында және оған іргелес акваторияларда мониторинг жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар теңізде жүзетін кемелердің экипаждары мен айлақ иелеріне мұнай өнімдерін теңізге төгуге жол бермеу және экологиялық талаптарды сақтау қажеттігі ескертілді.

Жағдай Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің бақылауында.