Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
10 тамыз 2026, дүйсенбі USD 469,9 EUR 541,6 RUB 5,71 CNY 69,7 Астана +33° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Батыс Қазақстанда Абай күні аталып өтті

Батыс Қазақстан облысында Абай күніне арналған мерекелік шара өтті.

Батыс Қазақстанда Абай күні аталып өтті
Сурет: baq.kz

Батыс Қазақстан облысында Абай күніне орай мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Оралдағы ақын ескерткішінің жанында Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасы «Абай даналығы: бүгін және мәңгі» атты іс-шара өткізді.

Сурет: baq.kz

Шараға облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен жастар қатысты. Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сурет: baq.kz

Қайыржан Меңдіғалиев жиналғандарды рухани мерекемен құттықтап, Абай мұрасын насихаттаудың маңыздылығын атап өтті. Оның сөзінше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға және рухани құндылықтарды дәріптеуге ерекше көңіл бөледі. Мемлекет басшысы «Кітап оқитын ұлт» тұжырымдамасын ұлттық деңгейде көтеріп, «Зерделі ұлт» қалыптастыру мақсатында арнайы Жарлыққа қол қойған.

«Бұл бастама – елдің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Осындай игі мақсаттарға жетуде Абай мұрасын оқу, насихаттау және жас ұрпақтың бойына сіңірудің маңызы ерекше», – деді Қайыржан Меңдіғалиев.

Салтанатты шара барысында Абай шығармашылығының терең мәні мен рухани құндылығы кеңінен дәріптелді. Ескерткішке гүл шоқтары қойылып, облыстық «Абай оқулары» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Ашық аспан астында ұлы ақынның әндері шырқалып, өлеңдері оқылды.