Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
10 тамыз 2026, дүйсенбі USD 469,9 EUR 541,6 RUB 5,71 CNY 69,7 Астана +33° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Түркістан облысында ірі мал бордақылау кешені салынуда

Түркістан облысының Сауран ауданында 5 мың басқа арналған мал бордақылау кешені салынуда. Жобаға 1,3 млрд теңге инвестиция тартылған.

Түркістан облысында ірі мал бордақылау кешені салынуда

Түркістан облысының Сауран ауданында 5 мың бас ірі қара малға арналған бордақылау кешенінің құрылысы жүріп жатыр.

«Түркістан ет өнімдері» ЖШС-нің жобасы Ескі Иқан ауылдық округінде жүзеге асырылуда. Жобаға 1,3 млрд теңге инвестиция тартылған. Кешен 40 гектар аумақты алып жатыр, онда мал бордақылаумен қатар тәулігіне 120 бас ірі қара мал союға қауқарлы өндірістік алаң да болады.

Жобаның басты ерекшелігі — бірнеше бордақылау алаңының бір жерге шоғырлануы. Бұл инфрақұрылымды ортақ пайдалануға, шығындарды азайтуға және ет өндірісін біріздендіруге септігін тигізеді.

Кешен толық іске қосылғанда 120 тұрақты жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, жоба аясында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 30 шағын бордақылау алаңын іске қосу жоспарланған.

Бұл жоба ірі шаруашылықтарға ғана емес, айналадағы шағын шаруашылықтарға да мүмкіндік беретін біртұтас ет өндіру жүйесін құруға бағытталған.