Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
10 тамыз 2026, дүйсенбі USD 469,9 EUR 541,6 RUB 5,71 CNY 69,7 Астана +30° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

FlyArystan Ақтау–Дубай рейстерін 2026 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тоқтатты

FlyArystan Ақтау–Дубай бағытындағы рейстерді 2026 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тоқтатты. Себеп — Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдай.

FlyArystan Ақтау–Дубай рейстерін 2026 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тоқтатты
Сурет: azh.kz

Қазақстандық лоукостер әуекомпаниясы FlyArystan Ақтау — Дубай — Ақтау бағытындағы рейстердің тоқтатылуын 2026 жылдың 15 қыркүйегіне дейін ұзартты.

Шешімнің себебі ретінде Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдай аталып отыр. Бұған дейін авиатасымалдаушы бұл бағыттағы ұшуларды 29 тамызға дейін тоқтатқан болатын.

Сурет: azh.kz

Әуекомпанияда тоқтатылған рейстердің жолаушылары айыппұлдар мен комиссияларды ұстамастан авиабилет құнын толық қайтара алатынын атап өтті. Ақша қаражатын қайтару билет сатып алынған жерде жүзеге асырылады.