Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
10 тамыз 2026, дүйсенбі USD 469,9 EUR 541,6 RUB 5,71 CNY 69,7 Астана +21° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Канададағы орман өрті: 20 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды

Канаданың Британдық Колумбия провинциясындағы орман өрті салдарынан 20 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Төтенше жағдай режимі жарияланып, өрт аумағы 100…

Канададағы орман өрті: 20 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды
Сурет: baq.kz

Канаданың Британдық Колумбия провинциясында орман өрттері салдарынан 20 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Жұма күні басталған өрттер сенбіге қарай қатты жел мен ыстық ауа райының әсерінен жылдам тараған. 9 тамыз таңертең өрттің жалпы аумағы шамамен 100 шаршы шақырымға жеткен.

Эвакуация және төтенше жағдай

Саммерленд пен Пичленд қалаларының тұрғындары эвакуацияланды. Құтқару қызметтері өрт аймағында қалып қойған адамдарды іздеп, қажет болған жағдайда әуе арқылы эвакуациялауды ұйымдастырып жатыр. Британдық Колумбия билігі төтенше жағдай режимін жариялады. Провинцияда жексенбі күні таңертең 102 орман өрті тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, Саммерленд маңында адам қаза болуы мүмкін деген ақпарат тексеріліп жатыр. Алайда бұл дерек әзірге ресми расталған жоқ.

Жыл басынан бері 4 млн гектар өртенген

Канада бойынша жыл басынан бері орман өрттері шамамен 4 млн гектар аумақты қамтыған. Ғалымдар климаттың өзгеруі мұндай экстремалды өрттердің пайда болу және таралу қаупін арттырып отырғанын айтады.