Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
10 тамыз 2026, дүйсенбі USD 469,9 EUR 541,6 RUB 5,71 CNY 69,7 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Психиатриялық ауруханадағы қатыгездік туралы айыптаулар жоққа шығарылды

Денсаулық сақтау министрлігі Алматы облысындағы психиатриялық ауруханада пациенттерге қатыгездік көрсетілді деген айыптауларды жоққа шығарды. Тексеру…

Психиатриялық ауруханадағы қатыгездік туралы айыптаулар жоққа шығарылды
Сурет: baq.kz

Денсаулық сақтау министрлігі Алматы облысының Ақтас ауылындағы Республикалық психиатриялық ауруханада пациенттерге қатыгездік көрсетілді деген айыптауларды жоққа шығарды. Бұл туралы ведомствоның ресми мәлімдемесінде хабарланды.

Тексеру Instagram-да жарияланған жазбадан кейін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті тарапынан жүргізілді. Жазба авторы 2008 жылы аурухананың №7, №10 және №12 бөлімшелерінде болған кездегі жеке естеліктеріне сүйенген.

Мамандар пациенттердің құқықтарының сақталуын, медициналық және медициналық-әлеуметтік көмектің сапасын, сондай-ақ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайын тексерді. 7 тамыздағы тексеру актісіне сәйкес, пациенттерге күш қолдану арқылы шектеу шараларын қолдану, дәрі-дәрмекті жазалау құралы ретінде пайдалану және адамның ар-намысын қорлайтын басқа да әрекеттер туралы мәліметтер расталмаған.

Денсаулық сақтау министрлігі пациенттердің құқықтары, ар-намысы мен қауіпсіздігі басты назарда екенін атап өтті. Сонымен қатар ведомство көрінеу жалған ақпарат тарату мән-жайға байланысты Қазақстан заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.