Отбасы банкі 2025 жылдың басынан бері тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған 39 536 қазақстандықтың баспаналы болуына мүмкіндік жасады деп хабарлайды stan.kz сайты. Он мыңдаған отбасы үшін бұл – жылдар бойы күткен өз үйіне қол жеткізу арманының орындалуы болды.

Банк «2-10-20», «5-10-20», «Наурыз» мемлекеттік бағдарламалары, сондай-ақ қолжетімді басқа да ипотекалық бағдарламалары арқылы тұрғын үйге мұқтаждардың баспаналы болуына қызмет етті. Атап айтқанда, өңірлік жастар бағдарламалары, «Әскери баспана», «Наурыз Жұмыскер», «Жасыл ипотека», «Жас отбасы» бағдарламалары, сондай-ақ несие мөлшерлемесі жылдық 3,5%-дан басталатын банктің нарықтық бағдарламалары болды.
Өткен жылы кезекте тұрған 15 282 адам қолжетімді шарттармен берілетін тұрғын үй несиесін сатып алса, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 10 854-ке жеткен.
Ал, ұлттық даму институты ретінде Отбасы банкі тұрғын үйге аса мұқтаж азаматтарға 13 400 жалдамалы пәтерді бөлді.
Отбасы банкі Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп тұрғын үй заңнамасына бірқатар өзгерістер енгізуге бастамашылық етті. Нәтижесінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді.








